Жаңалықтар

Мәжіліс сайлауы мажоритарлық жүйе бойынша өтеді

Мәжіліс сайлауы мажоритарлық жүйе бойынша өтеді
Фото: El.kz 20.01.2023 11:26 2803

Бұл туралы ОСК отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау туралы заңға сай өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ОСК тағайындайтындығын атап өтті.

«Аралас сайлауға қатысу нормасы 2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Оларға сәйкес Парламент Мәжілісіне 98 депутаттың 30 пайызы немесе 29 депутат мажоритарлық жүйе бойынша, ал 69 депутат бұл 70 пайызды құрайды. Олар депутаттық тізімдер бойынша сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың Астананың мәслихаттарына депутаттардың 50 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша, ал қалған 50 пайызы партиялық тізім бойынша сайланатын болады», - деді төраға.

Бұдан бөлек, аудандар мен қалалардың мәслихаттарын сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді.

 «Мажоритарлық жүйе дегеніміз – ол саяси партиялар емес, нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін жүйе. Саяси партияларды тіркеудің жеңілдетілген түрі жаңа саяси партиялардың тіркелуі ықпал етті»,- деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға