Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасын мақұлдады
02.09.2023 10:25
Фото:
Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасымен келісім берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметін сілтеме жасап.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Жұманғарин Серік Мақашұлының кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралып отыр.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

