Жаңалықтар

Мәжіліс «Пошта туралы» заң жобасын жұмысқа алды

Мәжіліс «Пошта туралы» заң жобасын жұмысқа алды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 18.09.2024 10:19 390

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Пошта туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге кіріседі.

Аталған заң жобасы Парламент Мәжіліс депутаттырының бастамасымен әзірленген. Заң жобасы пошта байланысы нарығын дамытуға, пин-кодтың көмегімен құқықтарды растау арқылы пошта жөнелтілімдердің үшінші тұлғаларға тапсыру рәсімін жетілдіруге, мекен-жайы жоқ, мекен-жайы белгісіз немесе бүлінген, сондай-ақ адресаттың бастартуына байланысты берілмеген пошта жөнелтілімдерін сақтау және жою ережелерін өзгертуге, пошта обьектілерін орналастыру мәселелерін реттеуге бағытталған. Осыған орай Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорынтынды әзірлеуге дайын, - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға