Жаңалықтар

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына 33,4 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлім етті
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына 33,4 млрд теңге бөлінді
Фото: sn.kz 19.01.2023 09:32 1415

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылға 33,4 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын Парламентте қарау барысында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылға 33,4 млрд. теңге сомасында шығыстар қарастырылды (бұған дейін бюджет жобасында 2025 жылға қарастырылған).

Бұл шығыстар:

- саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша;

- бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескере отырып есептелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға