Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты онлайн кредит беруге тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты онлайн кредит беруге тыйым салуды ұсынды
Фото: Pixabay.com 26.04.2023 11:01 851

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Бейсембаев онлайн кредитті алып тастау жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, онлайн кредит алу мүмкіндігі пайда болғалы халық арасында алаяқтық жағдайлар көп тіркелген.

Мемлекет басшысы былтырғы жылдың желтоқсан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың көп кредит алуын төмендету үшін кепілсіз онлайн микро кредит беруге тыйым салған елдердің тәжірибесін зерделеуді тапсырды.Келісім Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстанда отырып басқа мемлекеттің аумағындағы қаржы ұйымынан кредит алуға мүмкіндік береді. Одан басқа Еуразиялық экономикадық одақтың онлайн қарыз беретін қаржы ұйымдары Қазақстанда қаржы нарығына кіреді. Біз осы сияқты қарыздарды алу оңай екенін білеміз, - деді Ержан Бейсембаев.

Мәжіліс депутаты онлайн кредит беруге тыйым салуды ұсынды

Ол несие алушылардың қарыз деңгейі мен олардың табыс деңгейі ескеріле бермейді деп айтты. Соның салдарынан борышкерлердің кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерін уақытылы орындамауы сияқты жағдайға тап боламыз деп отыр.

 Осыған орай, менің сұрағым келісімді ратификациялау халықтың кредитті көп алуына әкеп соқпайды ма және бүгінгі таңда онлайн кредит беруді толық алып тастау мүмкіндігін қалай бағалайсыз? Өйткені ең көп алаяқтық схемалар нақты осы сегменттерден шығып жатыр, - деді депутат.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова бұл мәселе бар екенін жасырмады және мәселенің оң шешімін табу үшін жұмыс істелініп жатқанын айтты.

Келісім тек қана трансшекаралық алмасу тәртібін бекітеді. Онлайн кредит беру нарығын реттеу бойынша тиісті өзгерістерді қазіргі уақытта дайындап жатырмыз. Енді мәселелі кредит болса, қарыз алушыға жаңа кредит беруді тыйым салу істерін біз дайындадық. Оны алдағы уақытта Мәжілістің қарауына енгіземіз, - деп жауап берді Мәдина Әбілқасымова.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға