Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Атырау облысында күштік құрылым өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаты Атырау облысында күштік құрылым өкілдерімен кездесті
Фото: Мәжіліс 11.07.2024 16:47 612

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, өңірдегі әскери бөлім құрамымен, полицейлермен және Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында депутат әскери бөлімнің жеке құрамымен, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен және әскери қызметшілердің жағдайымен танысты.

Одан соң мәжілісмен облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүздесті. Онда қала аумағындағы қоғамдық тәртіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, қызметкерлердің ой-пікірін тыңдады. Бақтықожа Ізмұхамбетов полицияның қоғамдағы рөлін ескере келе, тәртіп сақшыларына да мемлекет тарапынан әлеуметтік және құқықтық қолдау қажет екенін атап өтті.

Қауіпсіз мемлекетті құру – мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдарының бірі. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, біз құқық қорғау органдары қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды арттыру жөнінде кешенді шара қабылдауды жалғастырамыз. Полиция қызметі тиімді, есеп беруге міндетті саналып, қазақстандықтардың қажеттілігін өтеуге тиіс. Кәсібилік, имандылық пен адамгершілік полиция қызметкерінің ізгі қасиеттеріне айналуы керек, – деді ол.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесті. Жиын барысында халық қалаулысы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Кейін жеке құраммен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді тыңдап, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңадан қабылданған заңдар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ басқосуда жеке құрамның біліктілігін арттыруға және жұмыс жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға