Майқайыңдағы апат: Жоғалған автобустың дөңгелегі табылды
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Майқайыңдағы апатқа қатысты пікір білдірді. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда құтқарушылар автобус дөңгелегіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асайын Байхановтың Instagram желісіндегі парақшасында жазуынша, 4 қаңтардан бастап «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда. Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда.
Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда деп жазды облыс ббасшысы.
Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне автобус құлап, екі адам қаза тапты. Автобуста барлығы 4 адам болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- Майқайыңда опырылған шұңқырдың түбіне техника түсірілді
- Майқайыңдағы іздеу жұмыстарына көріпкел шақырған