Жаңалықтар

Майқайыңда үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары қашан жалғасады

Майқайыңда үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары қашан жалғасады
Фото: Павлодар облыстық ТЖД 20.02.2024 13:44 649

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Майқайыңда үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары қашан жалғасатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ кәсіпорнының кең байыту фабрикасы қордағы алтын рудасы таусылғанына байланысты бірнеше аптаға жұмысын тоқтатты.

Қазір іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қауіп-қатерлерді бағалау бойынша сараптама жүргізілуде, себебі ол жерде құлау және жердің опырылу қаупі бар. Біз құтқарушыларымызды да жоғалтуымыз мүмкін. Сондықтан шамамен 30 наурызда сараптама аяқталады және біз іздеу жұмыстарын қайта жандандыру және кеніштің негізгі жұмысын қалпына келтіру туралы қосымша шешім қабылдаймыз, - деді Шыңғыс Әрінов.

Төтенше жағдайлар министрі сараптама қорытындысы бойынша құлау қаупі айтарлықтай жоғары болған жағдайда, тиісті шешім сол жерде қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар, министрі Шыңғыс Әрінов алдағы 1-2 аптада Майқайың кенішіне барып-қайтатынын айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға