Жаңалықтар

Майқайыңда көз жұмған құтқарушылардың туыстарына төленетін ақша төрт есе қысқарды

Майқайыңда көз жұмған құтқарушылардың туыстарына төленетін ақша төрт есе қысқарды
Фото: Павлодар облыстық ТЖМ 14.11.2024 11:21 383

Майқайыңдағы автобустың шұңқырған құлап кетуінен қайтыс болғандарға берілетін өтемақы көлемі азайтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екібастұз қалалық соты “Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы” ЖШС-дан марқұмдардың туыстарының пайдасына әрқайсысына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 30 млн теңгеден жалпы 120 млн теңге соманы өндіру туралы шешім шығарған.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, жаңа шешіммен әрқайсысына берілетін моральдық шығын 7,5 млн теңгеге дейін азайтылды. Себебі, жазатайым оқиға “Майқайыңалтын” АҚ өндірістік қызметімен байланысты. Бұл мән-жайларды сот моральдық зиянның өтемақысы мөлшерін анықтаған кезде ескеруі тиіс.

Облыстық соттың хабарлауынша, ақылға қонымдылық, әділдік және жеткіліктілік критерийлерін басшылыққа ала отырып, алқа бұл жағдайда жауапкерден талап қоюшылардың пайдасына туысының қайтыс болуына байланысты келтірілген моральдық зиян өтемақысын әрқайсысына 7,5 млн теңгеден өндіру қажет деген қорытындыға келді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға