©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты

14.12.2024 20:05

Павлодардағы «Майқайыңалтын» АҚ кенішінде жұмысшы қаза тапты. Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс барысында тиеу-тасымалдау машинасының жүргізушісі кері шегінген кезде жұмысшыны қағып кеткен. 1992 жылы туған ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 

Облыстық еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты.  Қазіргі уақытта арнайы тергеу басталды.