Жаңалықтар

Майқайың кенішіндегі апат: Мәйітті іздеу жұмысы қашан жалғасады

Майқайың кенішіндегі апат: Мәйітті іздеу жұмысы қашан жалғасады
Фото: Павлодар облыстық ТЖД 18.06.2024 13:09 676

Үкімет брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтан БАҚ өкілдері «Майқайың-алтын» кенішінде болған апатқа қатысты мәселені көтеріп, құтқару жұмысы қашан жалғасатынын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған мәселеге қатысты министр «Майқайың-алтын» кенішінде құтқарушыларға қауіп болғандықтан, жоғалған адамды іздеу жұмысы тоқтатылғанын айтты.

13 мамырдан бастап дайындық іс-шаралары жүргізілуде. Оның ішінде тау-кен жұмыстары құлаған топырақтың солтүстік шығыс бөлігіндегі жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар біткен соң біздің құтқарушыларға қолайлы жағдай туындаған кезде іздеу шаралары жалғасады, – деді министр Шыңғыс Әрінов.

Министр іздеу жұмысының қашан жалғасатынын нақты айтпады.

Тағы қайталаймын, жоғалған адамның мәйітін шығарамыз деп құтқарушылардан айырылып қалмайық деген мақсатпен барлық қауіпсіздік шараларын қабылдап жатырмыз. Түсінулеріңізді сұраймыз, – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кетіп, екі адамның денесі табылған еді. Қазргі таңда іздеу жұмысы тоқтап тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға