Жаңалықтар

Майкл Фелпс 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Рио-2016
08.08.2016 05:53 2645

Әйгілі америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио Олимпиадасында алтын олжалап, спорт тарихында 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды. 

Майкл Фелпс 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

100 метрге еркін стильмен жүзуде Америка намысын қорғаған Майкл Фелпс тарихта алғашқы 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Финалда Фелпс пен оның құрамадағы серіктестері Калеб Дрессел, Райан Хелд пен Натан Эдриан белгіленген қашықтықты 3 минут 9,92 секундта жүзіп өтті. Күміс жүлде франциялық жүзушілерге (3.10,53) бұйырса, қола медальды австралиялық спортшылар иеленді (3.11,37).
Сондай-ақ 31 жастағы Фелпс Олимпиада ойындары тарихында марапаттар саны жағынан абсолютті рекордсмен саналады. Қазір оның еншісінде – 23 медаль.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға