Жаңалықтар

Майдангер партизанның естеліктері

Белгілі журналист Баян Мұхамбетәлиев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Майдангер партизан» атты кітабын оқырман қауымға ұсынды.
06.05.2015 10:19 6616

Белгілі журналист Баян Мұхамбетәлиев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Майдангер партизан» атты кітабын оқырман қауымға ұсынды. Кітап белорус жеріндегі неміс басқыншыларына қарсы күреске зор үлес қосқан, ержүрек қаһарман Рахметолла Егізбаевтың жауынгерлік жолы туралы. Автордың айтуынша, бұл туындының дүниеге келуіне соғыс сарбазының бейбіт кезеңдегі өнегелі істері жайлы әңгімелері, қызметтес әріптестері, достары мен туыстарының үлгі тұтарлық естеліктері зор ықпал еткен.

Майдангер партизанның естеліктері

Майдангер партизанның естеліктері

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серік Егізбаев; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов; белгілі журналист Сайлау Абылаев; «Бүркіт» журналы мен «Қалқан» газетінің бұрынғы редакторы, әскери журналист Сәдуақас Жұбатов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, кітап авторына құттықтау сөздер мен алғыстар айтылды.  

Майдангер партизанның естеліктері

«Осы кітапты шығару үшін мен Беларуссияға барып, мұрағаттарда отырдым. Нәтижесінде міне, осындай кітап шықты. Оны жазу үшін 4 ай уақыт кетті. Кітаптың ерекшелігі – онда бір ғана адамның өмірі арқылы соғыс уақытындағы өмір мен тылдағы жағдай туралы жан-жақты баяндалады»,-дейді Баян Мұхамбеталиев.

Майдангер партизанның естеліктері

Майдангер партизан туралы кітап екі бөлімнен тұрады: «Дәйекке негіз деректер» және «Өнеге толы естеліктері». Бірінші бөлімде Беларус Ұлттық мұрағатына жинақталған партизандық қозғалыстар туралы мәліметтер келтірілген, алайда кітап қаһарманы да, оның майдандас серіктері де әлдеқашан бақилық болды. Сонымен бірге, кітапқа Рахметолла Егізбаевқа қатысты құжаттар, отандас жерлесіміз «Чекист» бригадасы отрядының ерлік істері бейнеленген материалдар енген. Екінші бөлім майдангер партизанның туған елге 1947 жылы оралғаннан кейінгі бейбіт өмірі естеліктер түрінде өрілген.    

Майдангер партизанның естеліктері

Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп отыр. Жаңа туындыны жазушы-публицист Шаймұрат Тынымбаев орыс тіліне тәржімалаған. 

Кітап гитлер басқыншыларына қарсы күрестегі жауынгерлер жолына өлшеусіз үлес қосқан қазақстандық қаһармандықтың айқын дәлелі болып саналады. Көпшілік оқырман қауымға арналады.  

Бұл – Баян Мұхамбетәлиевтің тұңғыш кітабы. Өткен жылы автордың жетекшілігімен «Қазақстан Орал» телеарнасының 50 жылдығына байланысты «Ақжайықтың айнасы» атты жинағы баспа бетін көрген болатын. 

Майдангер партизанның естеліктері

Майдангер партизанның естеліктері

Майдангер партизанның естеліктері


Суреттер авторы: Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға