Жаңалықтар

Маусым айында ұлттық валютадағы кредит көлемі 1,9 пайызға артқан

Қазақстандық банктер жарты жылда 355 млрд теңге таза пайда тапқан
Маусым айында ұлттық валютадағы кредит көлемі 1,9 пайызға артқан
Фото: pixabay.com 05.08.2022 12:50 1185

2022 жылғы маусым айында ұлттық валютадағы кредит көлемі 1,9 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлім болды, – деп хабарлайды El.kz.

«2022 жылғы маусымда экономикадағы кредит 2,7 пайызға ұлғайып, 20,1 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы маусым айында жеке тұлғаларға несие 2,9 пайызға, яғни 11,97 трлн теңгеге дейін артты. Ал заңды тұлғаларға несие 2,4 пайызға, 8,08 трлн теңгеге дейін өсті», – делінген агенттік мәліметінде.

2022 жылғы маусым айында ұлттық валютадағы кредит көлемі 1,9 пайызға, 18,25 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасындағы несие сомасы 11,8 пайызға, 1,8 трлн теңгеге дейін артты. 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша теңгемен берілген несиенің үлесі 91 пайызды құрады.

«2022 жылғы маусымда 2,03 трлн теңгеге жаңа кредит берілді, бұл 2022 жылғы мамырға қарағанда 10,9 пайызға артық.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша банктердің экономикадағы несиесінің елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 10%), сауда (26), құрылыс (4%) және көлік (5%) салаларына тиесілі. Басқа салаларға несиенің 29,7 пайызы бағытталған.

«2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар несиенің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінің 3,6 пайызын құрады (2022 жылдың басында – 3,3%)», – деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар.
Қазақстандық банктер жарты жылда 355 млрд теңге таза пайда тапқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға