Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты

Мәулен Әшімбаев ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 26.12.2024 10:42 271

Бүгінгі Палата отырысында Мәулен Әшімбаев Ақтау түбіндегі ұшақ апатында қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәулен Әшімбаев кешегі Маңғыстау облысында болған ұшақ апаты бәрінің қабырғасын қайыстырғанын айтты.

Өкінішке қарай, апат салдарынан экипаж мүшелері мен жолаушылар қаза тапты. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар екені белгілі. Осыған байланысты барлық қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Төтенше жағдайға байланысты президентіміздің тапсырмасымен мемлекеттік комиссиямыз құрылды, соған сәйкес тиісті органдар дереу іске кірісіп, құтқару операциясы аясында қажетті шаралар қабылданды. Дер кезінде қолға алынған осындай жұмыстар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз, – деді ол.

Еске сала кетейік, күні кеше Әзербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Баку – Грозный рейсін орындау кезінде апатқа ұшыраған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға