Жаңалықтар

Математикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жүлделі болды

Биыл олимпиадаға әлемнің 19 елінен 81 бала қатысты
Математикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жүлделі болды
Фото: gov.kz 05.07.2022 18:25 2049

Жасөспірімдер арасындағы математикадан халықаралық Балқан олимпиадасында (JBMO) қазақстандық оқушылар 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Зияткерлік сайыстар 28 маусым мен 3 шілде аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында офлайн форматта өтті.

Биыл олимпиадаға әлемнің 19 елінен 81 бала қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.

«Қазақстан географиялық жағынан Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналаспағандықтан, олимпиадаға жыл сайын қонақ ел ретінде қатысады. Осы жылы ұлттық құрама қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Тараз қалаларынан 6 оқушы кірді. Олардың әрқайсысы жарыста медаль жеңіп алды және біз мұны мақтан тұтамыз. Жалпы командалық есепте Қазақстан 5-орынды иеленді. Елімізде Балалар жылы аясында дарынды оқушылар мен олимпиадашыларға белсенді қолдау көрсетіліп жатқанын да атап өту керек. Бұдан былай гранттар мен стипендиялар тек ЖОО-дан ғана емес, мемлекеттен де беріледі. Ол үшін оқушылар Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) сияқты жарыстарға қатысып, жеңіске жетуі керек», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жұмагелді.

Былтыр қазақстандық оқушылар 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға