Матч кезінде арбадағы көрерменді жаңбырдан қорғаған полицей көпті тәнті етті
05.07.2024 21:00
Фото:
Видеодан кадр
Футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz жазуынша, Семейдегі "Спартак" стадионында нөсер жаңбырдан мүгедек арбасындағы ер адамды қолындағы жабындымен бүркеп тұрған полицейді көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған.
Бейнероликтің бас кейіпкері футбол матчында қоғамдық тәртіпті күзетіп тұрған жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгері болып шықты. Ол қайырымды іс жасап, бір адамға көмегі тигеніне қуанатынын жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

