Жаңалықтар

Мәслихат депутаттарының Үндеуіне түркістандықтар да үн қосты

Мәслихат депутаттарының Үндеуіне түркістандықтар да үн қосты
Фото: "Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігі 17.01.2023 16:51 1806

  Бүгін «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және іске асыру жөніндегі бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

  Аталған жиынға Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы А.Жетпісбай, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев және Түркістан облыстық мәслихатының барша депутаты қатысты.  

 Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Балабиев жүргізіп отырды.

 Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі енгізілді.

Аталмыш мәселе бойынша «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев, облыс әкімінің міндетін атқарушы А.Жетпісбай және Түркістан облыстық мәслихатының аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.Әбішов баяндама жасады.

 Баяндамашылар негізінен өңірдегі Президенттің сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Бұл ретте «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев аумақ дамуындағы депутаттардың рөліне айрықша тоқталды.

  «Көбіміз Еуропа елдеріне, қалаларына, ауылдық елді мекендеріне барып қайттық. Олардың әл-ауқаты, ондағы барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының тиімді жұмысына таң қалмау мүмкін емес. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап осы еуропалық қалалар мен ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу және пайдалануға беру, абаттандыру бойынша барлық жұмыс жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарының жетекшілігімен атқарылуда. Құр атқарылып қана қоймай, жалпы ел саясаты білгір депутаттардың белсенді қатысуымен жергілікті жерлерде жүргізіліп келеді» деді РҚБ төрағасы.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда барлық мәслихат депутатының Жаңа Қазақстанды құру үшін өз алдында қандай жауапты және күрделі міндеттер тұрғанын терең түсінуі керектігін атап өтті.

 Жиын соңында Т.Мұқашев «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан белсенді депутаттық қызметі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар облыстық мәслихат депутаттарын «Құрметті депутат» төсбелгісімен және грамотамен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға