Мәскеудегі теракт: Қаза тапқандар саны 83-ке жетті, оның үшеуі балалар
23.03.2024 12:01
Фото:
t.me/shot_shot
Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаікестік әрекеттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті, деп хабарлайды Baza Telegram-каналына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта «Крокус Сити Холл» кешеніндегі атыс салдарынан кем дегенде 83 адам қаза тапқаны белгілі. Оның үшеуі – балалар, - делінген мәліметте.
Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында қаруланған белгісіз топ атыс ұйымдастырып, теракт болды.
Оқи отырыңыз:
- Министр: Мәскеуде зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ
- Мәскеудегі лаңкестік оқиғасы бойынша 2 адам ұсталды

