Мәскеуде су құбыры жарылып, салдарынан төрт адам көз жұмды
23.07.2023 07:22
Фото:
Әлеуметтік желі
Мәскеудегі "Времена года" сауда орталығында қайнаған су ағып тұрған су құбырынан ақау шығып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеудің батысында орналасқан сауда орталығында ыстық су құбыры бұзылды. Апатқа не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, сауда орталығында эвакуация дабылы да қосылмаған.
Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Барлық қаза тапқандар гипермаркет қызметкерлері екен. Тағы бірнеше адамды күйік шалған.
БАҚ өкілдері тоғыз адам ауруханаға жатқызылғанын жазуда.
Тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

