Жаңалықтар

«Маскадағы адам» жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыс етті

«Маскадағы адам» жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыс етті
Фото: Видеодан кадр 02.04.2024 15:52 1688

Маска киген жігіттің әрекеті тағы көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы «Маскадағы адам» деп танылған блогер жалғызбасты ананы қуантты. Үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ананың бір қызы мидың қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Ал өзі 14 жылдан бері еден жуушы болып күнелтіп жүр. Қызын емдеуге де қаражаты жоқ.

Жалдамалы пәтерде тұрамыз, не газ, не су, не әжетхана жоқ. Өзім түнгі 2:30-ға дейін жұмыстамын, балаларды асырау керек. Еден жуып та шаршадым. Қызым мидың қатерлі ісігіне шалдыққан, қазір үйде химия қабылдап жатыр. Сондықтан шаршағанымды көрсетпеймін, әйтпесе жұмыс ауыр, - деді әйел.

Танымал блогер жалғызбасты анаға қызын Түркияға апарып емдету үшін қомақты қаражат табыс етті. Бұдан бөлек ол әйелге су жаңа пәтердің кілтін сыйлады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға