Nathan Laine / Bloomberg

Маск Grok-тің жаңа моделін таныстырды

Илон Маск пен оның xAI компаниясы Grok жасанды интеллектінің жаңа нұсқасын таныстырды. iXBT мәліметінше, 4.1 нөмірлі жаңарту барлық пайдаланушылар үшін тегін болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Масктың айтуынша, Grok 4.1 алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда жұмыс жылдамдығы мен сапасын айтарлықтай арттырған. Компания мәліметінше, жаңа модель диалог жүргізу мүмкіндіктерін жақсартуға, эмоциялық контексті неғұрлым дәл тануға және қолданбалы сценарийлерде функционалдығын кеңейтуге бағытталған.

Grok 4.1 нұсқасы grok.com және grok.x.com сайттарында, сондай-ақ Grok мобильді қосымшасында қолжетімді.

Сонымен қатар xAI Grok 5 моделін әзірлеуді жалғастырып жатыр. Масктың айтуынша, қазіргі Grok 4-Heavy компаниядағы ең ақылды ЖИ саналады, бірақ алдағы релиз барлық негізгі көрсеткіштер бойынша үлкен серпіліс әкелуі тиіс. Бұған дейін ол Grok 5-ті «дүниежүзіндегі ең ақылды жасанды интеллект» деп атап, оның бәсекелестерден едәуір алшақтайтынын айтқан.

Маск толыққанды жасанды сананы жасау ықтималдығы шамамен 10 пайыз екенін алға тартты.