©El.kz/Артем Чурсинов

Мас жолаушы Астана – Атырау әуе рейсінен түсірілді

31 жастағы Атырау тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ол мас күйде болған.

Астана қаласының әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана – Атырау бағыты бойынша ұшуға дайындалып жатқан әуе рейсінен ұшақ командирінің актісіне сәйкес Атырау қаласының 31 жастағы тұрғынын түсірді. Тексеру барысында әйелдің ұшаққа отыру кезінде мас күйде болғаны, әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды. Полиция қызметкерлері келген соң азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартты, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырды, – делінген хабарламада.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің төрт бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды:

Билік өкіліне бағынбау;

Ұсақ бұзақылық жасау;

Бортсеріктердің заңды талаптарын орындамау;

Қоғамдық орында мас күйінде жүру.