Мас күйінде көлік жүргізген тұрғын өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды
07.06.2025 11:53
Фото:
Polisia.kz
Жетісу облысының прокуратурасы көрсетілім сот процестерінің алдын алу мақсатындағы маңыздылығына ерекше назар аударады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осы бағытта Алакөл аудандық прокуратурасы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот процесін ұйымдастырды.
Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айырылған жергілікті тұрғын мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген.
Сот үкімі аудан тұрғындарының қатысуымен жария етіліп, кінәлі азамат 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

