mehrnews.com

Мароккода мигранттар мінген кеме суға кетті

23.07.2023 01:14

Марокко жағалауында заңсыз мигранттар мінген кеме суға батып кетті, нәтижесінде кем дегенде 6 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолыға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мигранттар мінген кеме бір күн бұрын жартастармен соқтығысқаны анықталды. Әзірге 6 адамның денесі табылды, 48 адам құтқарылды.

Мигранттардың қай елдің тумалары екендігі туралы ақпарат айтылған жоқ.