Жаңалықтар

Марғұлан университетінде Германияның теориялық физигі дәріс оқуда

Марғұлан университетінде Германияның теориялық физигі дәріс оқуда
Фото: gov.kz 27.11.2023 20:11 694

Марғұлан Университетінің жаратылыстану жоғары мектебінде конденсацияланған заттар физикасы мен кванттық механика саласындағы белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (Германия) Питер Эндерс іссапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік профессорды Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаев қабылдап, алдағы өткізетін дәрістеріне сәттілік тіледі.

Питер Эндерс қазіргі уақытта физиканың аксиоматикалық және нақты бірлігін зерттеп жүрген ғалым. Ол осы салада «Классикалық және кванттық механика: тарихи-аксиоматикалық көзқарас» кітабын да жарыққа шығарды.

Профессор Питер Эндерс бір айлық сапары аясында студенттерге кванттық және атомдық физикадан, ал магистранттарға теориялық физиканың қосымша тараулары мен мектеп физикасы курсын ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша дәрістер оқиды.

Неміс ғалымы оқытушылар, докторанттар және магистранттар үшін Германия мен Қазақстан мектептерінде жалпы физикадан күрделі тақырыптарды оқыту әдістемесінің мәселелері бойынша семинарлар өткізеді.

Питер Эндерстің еңбектері Германияда ғана емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықта да кең танылғанын айта кетейік. 2015 жылдан бастап ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Физика, математика және информатика институтының құрметті профессоры.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға