Марғұлан университеті Тәжікстанның екі университетімен келісім жасады
Тәжікстан астанасы Душанбе қаласындағы Тәжік ұлттық университетінің қабырғасында Орталық Азия елдері жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының 5-ші Консультативтік кездесуі аясында ұйымдастырылып отыр. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Тәжікстан Республикасының білім және ғылым министрі Саидзода Рахим Хамро, Түрікменстанның білім министрі Гурбангүл Атаева, Өзбекстан Республикасы жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің орынбасары Сарвархон Бузуркхонов, сондай-ақ Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
Ауқымды шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев, университеттінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Серік Ильясов та арнайы қатысып қайтты.