Жаңалықтар

Марат Қарабаев «Қорғас» құрғақ портына барды

Марат Қарабаев «Қорғас» құрғақ портына барды
Фото: Көлік министрлігі 09.09.2023 01:22 2351

Көлік министрі Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Алматы – Қорғас» автожолын аралап, Орталық Азиядағы ең ірі «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атап айтқанда, ведомство басшысы KTZE-Khorgos Gateway транзиттік хабына, Алтынкөл жүк станциясына және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан басқа да көлік инфрақұрылымы объектілеріне барды.

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылған «Қорғас» құрғақ портының жалпы ауданы 129,4 га құрайды. Ол контейнерлерді, жабық вагондарды және жабдықтарды 1435 мм калибрден 1520 мм калибрлі вагондарға тиеу, түсіру, қайта тиеу және теміржол терминалының рөлін атқарады.

Өз кезегенде Алтынкөл шекаралық жүк станциясы Қытайдан Еуропаға, Орталық Азия, Кавказ және Парсы шығанағы елдеріне жүк ағыны бойынша қызмет көрсетеді. Ол «Жетіген – Мемлекеттік шекара» учаскесінде орналасқан және поездарды қабылдау, оларды жөнелту, жүктер мен контейнерлерді ҚХР вагондарынан отандық вагондарға ауыстыру, сондай-ақ жолаушылар поездарын қабылдау-жөнелту және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетеді. Станцияның өткізу қабілеті 18 жұп пойыз.

Тасымалдау жөніндегі жұмыстардың барлық кешенін орындау үшін станцияда контейнерлік терминал, «Кедентранссервис» АҚ–ға тиесілі ірі габаритті және контейнерлік буып-түю жүктерінің қайта тиеу терминалдары, сондай-ақ EUROTRANSIT-КТС ЖШС қайта тиеу терминалы бар.

Жұмыс сапары шеңберінде министрлік басшысы Шамалған станциясын айналып өту және «Сарыөзек – Көктал» автожолындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға