Жаңалықтар

Марат Қарабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Марат Қарабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Фото: ҚР ИИДМ 01.04.2023 21:05 1534

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтарды жеке мәселелеріне байланысты қабылдап, оның барысында тұрғындардың өтініштері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ИИДМ-не сілтеме жасап. 

Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй беру, абаттандыру жұмыстары, жол құрылысы және басқа да мәселелерді қамтыды.

Мәселен, Шымкент қаласының тұрғындары Гаухар Амалбаева мен Лилия Яркаева баспана беру мәселесін шешуге көмектесуді өтіндіАзаматшалардың айтуынша, олар «толық емес отбасы» санатына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждардың есебінде тұр. Өз кезегінде Марат Қарабаев «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес қажетті құжаттарды ұсыну арқылы өтініш жолданған сәттен бастап, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспана кезектілік тәртібімен мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтарға берілетінін айтты. Коммуналды тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жеке тұрғын үй қорынанжалға алынған баспанаға тоқталсақ, оны тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ЖАО беретіні түсіндірілді.

Марат Кәрімжанұлы барлық өтінішті жіті қарап, оларды жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сонымен біргежауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілгенін атап өткен жөнБұдан бөлек азаматтардың көкейкесті мәселелері бойынша заң нормалары түсіндіріліп, оның ішінде баспана алудың тең әрі әділ мүмкіндіктерін қарастыратын қазіргі тұрғын үй саясаты туралы ақпарат берілді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды жеке қабылдаупроцесі ведомствоның ашықтығын іс жүзінде көрсетіп, жолданған сауалдарды атаулы түрде тиімді шешуге бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға