Жаңалықтар

Марат Әзілханов мектептегі көшбасшыларымен кездесті

Марат Әзілханов мектептегі көшбасшыларымен кездесті
Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясы 01.06.2023 18:08 695

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды EL.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шараға мектеп парламентінің 30-ға тарта мүшесі, сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысты.

Кездесу барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудағы рөлі және жастардың қоғам өміріне араласуы туралы айтты.

Ол өз сөзінде еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екенін айтып, білім жолында тыңбай еңбек етіп оқу озаты болуға шақырды.

Марат Әзілханов мектептегі көшбасшыларымен кездесті

Сіздер - халқымыздың үмітін арқалаған ел ертеңісіздер, қазіргі қоғамның жетекші күшісіздер. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры сіздердің қолдарыңызда екендігін ерекше атап айтқым келеді. Білімді, еңбекқор, өнерлі мерейі үстем, беткеұстар қабілетті азаматтар болып өсулеріңізді тілеймін,  - деді Марат Әзілханов.

Өз кезегінде, мектеп парламентінің өкілдері елдегі ынтымақтастық пен қоғамдық келісімді дәріптейтін жобалар мен жұмыстары жайлы толық ақпарат берді.

Әңгіме барысында өскелең ұрпақтың Қазақстан халқының мәдени алуан түрлілігін тануы, балалар мен жастарды патриотизм мен өзін-өзі дамытуға ынталандыру мәселелері қамтылды.

Марат Әзілханов мектептегі көшбасшыларымен кездесті

Іс-шара соңында Марат Әзілханов Астана қаласы мектеп парламентінің өкілдеріне кітаптар және естелік сыйлықтар сыйлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға