Жаңалықтар

Марат Әйтеновтің балаларына психологиялық көмек көрсетіледі – Омбудсмен

Марат Әйтеновтің балаларына психологиялық көмек көрсетіледі – Омбудсмен
Фото: Видеодан кадр 15.07.2024 17:26 624

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева желіде қызу талқыға түскен оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бәрінен де ең қорқыныштысы – балалар көрген ауыртпалық пен психологиялық соққы. Қазір әріптестеріммен, өңірдегі уәкілмен және қала әкімдігімен бірлесіп балаларға психологиялық көмек көрсету, аналарға балалар мәселелері бойынша қажетті заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылды, – деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Facebook-те.

Ол заңның тек атқарушылық іс жүргізу тараптары мен мемлекеттік органдардың өкілдерін шығаруға қатысуды көздейтінін атап өтті. Бірақ соған қарамастан, көшіру кезінде Марат Әйтенов пен басқа да адамдар болған. Қазір бұл факт бойынша тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ уәкілетті органдар өкілдерінің іс-әрекеттеріне байланысты қызметтік тексеру жеке жүргізіледі.

Ажырасу процесі көбіне отбасыларда әртүрлі жағдайда жүреді, бірақ балалардың мұндай азап көруін ешкім, ештеңе ақтай алмайды. Зорлық-зомбылыққа, әлбетте, жол берілмеуі тиіс, - деді Зәкиева.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова Әйтенов өзін бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған. Дана Атешова бұрынғы жұбайы оны және балаларды үйден күштеп шығарғанын мәлімдеді. 

Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73 - бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы Марат Әйтеновке қатысты іс қаралды. Кейіннен Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешованың үстінен арыз түсіргені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға