Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтен алған соңғы сыйлығын елге көрсетті

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтен алған соңғы сыйлығын елге көрсетті
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal 11.12.2023 16:57 2314

Қазақстанның Халық әртісі Мақал Жүнісова күейеуі Заманбек Нұрқаділовтен қырық жасқа тоғлан туған күіненде соңғы рет сыйлық алған, деп хабарлайды EL.kz ақарат агенттігі.

Ол бұл туралы  Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі саясаткер өз суреттері бар ыдыс-аяқ тарту еткен көрінеді.

Қырық жасыма осындай ерекше сый берген. Бір жігіт менен 8 сурет сұрап келді. Содан қызығып, «Не істейін деп жатыр?» деп сұрап едім. Басында айтқысы келмегенмен, айтып қойды. Зәкең менің суреттерімді фарфор ыдыс-аяққа салғызғысы келіпті. «Украинаға тапсырыс беріп жатыр, соған жібермекші» деді әлгі жігіт. Мен Мерейдің 40 күндік шілдесінен шыққан суретімізді, сосын Зәкеңнің 30 жасында түскен суретін қосып беріп жібердім. Сөйтсем олар Зәкеңнің жас кезіндегі суреті мен менің суретімді қосып, ыдысқа түсіріпті – дейді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Өнер иесі адамның суреті салынған ыдыс-аяқты қолдануға болмайтындықтан, мұражайға естелік, тарих ретінде әкеліп қойғанын айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға