Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды
Фото: Видеодан кадр 27.11.2023 10:36 3932

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы естелігін айтып, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мақпал Жүнісованың айтуынша, өнер адамдары бір-бірімен құдаласып, жақсы байланыс орнатқан. 

Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған, иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз, қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді, қазақ әншісі ретінде де өз тыңдармандарының алғысын алды, үш жылдан бері Құдалар болып талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді, отбасыңыз жақсы болды, Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз, үй салып, ағаш ектіңіз. Артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін, иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын, - деп жазды Мақпал Жүнісова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Айта кетейік, әнші, музыкант, «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков дүниеден өткені туралы жазған едік.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға