Мақпал Жүнісова 60-қа толды. Әншіні жанкүйері ерекше құттықтады
11.01.2024 10:00
Фото:
Әлеуметтік желіден
Қазақстандық халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова бүгін, 11 қаңтарда, 60 жасқа толған туған күнін тойлауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мақпал Жүнісованы түн жарымнан бастап жақындары, достары мен жанкүйерлері құттықтай бастаған. Ал Жанар есімді жанкүйері сүйікті әншісіне ерекше тосынсый жасаған. Ол ескі кадрлардан видео жасап, көпшілік назарына ұсынған. Кадрдан жап-жас Мақпал Жүнісованы, оның сұхбаттары мен сахнадағы өнерін көруге болады. Ал видео әншінің «Жылдар-жылдар» әнімен сүйемелденген.
Өнер иесі жанкүйеріне алғысын айтып, видеоны парақшасында бөлісті:
Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар! – деп жазды Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

