Мақпал Исабекова екінші баласына аяғы ауыр екенін хабарлады
14.02.2024 18:31
Фото:
instagram.com/makosyai
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова екінші рет аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Бүгін тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қабылдағаныма үш жыл толды. 2022 жылғы 14 ақпанда Теодорға аяғым ауыр екенін хабарладым. 2023 жылғы 14 ақпанда сіздер оны алғаш рет көрдіңіздер, - деп жазды әнші.
Қуанышты жаңалығын видеода көрсеткен әнші құттықтауды пікір ретінде қалдыруға болатынын айтты.
Ал өнер иесінің тыңдарманы оның қуанышына ортақтасып, игі тілектерін жеткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылғы мамырда тұрмысқа шықты. Алдымен мұсылманша некесін қидырған жұп шілдеде тойын өткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

