Жаңалықтар

Мақаншы мен Зайсанда Қытайдың ұялы телефон операторлары жұмыс істеп тұр – Ерлан Саиров

Мақаншы мен Зайсанда Қытайдың ұялы телефон операторлары жұмыс істеп тұр – Ерлан Саиров
Фото: t.me/mazhilis_kz 05.06.2023 11:40 1311

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ерлан Саиров шекаралық аудандар мен шекаралық ауылдардың даму мәселесін көтерді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Қазақстанда шекараның түбінде тұратын 50 шақты шағын ауыл бар екенін айтты. Сол ауылдарда жол, медицина, су және интернет мәселесі әлі де шешілмеген.

Кейбір ауылда медициналық пункт болса да, фельдшер жетіспейді. Ал кейбіріне жазда да, қыста да бара алмайсың. Өйткені жол жоқ. Азаматтардың осындай жерде тұруына ешқандай құлқы болмайды. Бұл мәселені сіздер қалай шешесіздер?, – деп сұрады депутат Ұлттық экономика министрінен.

Ол шекаралық аудандардағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне кері әсер ететін ең негізгі мәселе – сол аудандағы шетелдік ұялы телефон операторлары болып отырғаннын айтты.

Мысалы, Зайсан, Мақаншы, Алматы, Нарынқолда Қытайдың ұялы телефонының операторы жұмыс істеп тұр. Ал солтүстік шекараларда Ресейдің операторларын пайдаланады. Бұл біздің еліміздің тұтастығына және бүгінгі таңдағы ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді, – деді депутат Ерлан Саиров.

Ұлттық экомика министрі Әлібек Қуантыров бұл мәселе кешенді түрде шешімін табатынын және шекаралас ауылдардың деңгейі әртүрлі екенін айтты.

Ауылдарды бір деңгейге көтеру үшін біз  өңірлік стандарттар жүйесін енгіздік. Бұдан басқа шекралас елдімендерді дамыту және қосымша қаражат бөлу. Қазақстандық эфирді және бағдарламаны көрсету, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға