Жаңалықтар

Мансұров музейге картинасын сыйлады

Тарихи-мәдени мұра
18.07.2016 05:01 4943

Ұлттық музейде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы, тарихшы Тайыр Мансұров өзінің жеке топтамасындағы «Бүркітші» атты туындысын сыйға тартты.

Мансұров музейге картинасын сыйлады

Құттықтау сөзін сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тайыр Мансұровтың шығармашылығы туралы айта келе, оған былайша алғыс білдірді:

–  Тайыр Мансұров – өз ісінің білгірі, үздік маман. Оның есімін жұртшылық тарихи-мәдени мұрамыздың жанашыры ретінде де жақсы таниды. «Бүркітші» гравюрасын өте құнды туынды деп білемін. Оның құндылығы Ұлттық музейге сыйға тартылуын да қуанышты жайт деп есептеймін.  

Мансұров музейге картинасын сыйлады

Ал, мемлекет және қоғам қайраткері Тайыр Мансұров «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын музейдің бірегей жобасы деп санайтынын айтты.

– Бір жылда аталған жобаның арқасында 2 мыңнан астам жәдігер жинақталған екен. «Бүркітші» атты картинамды осы игі бастамаға қосқан үлесім деп біліңіздер. Бұл туындымның тарихы тереңде жатыр. Картина музейдің құнды экспонаттарының қатарына кіреді деп сенемін, – деді Тайыр Мансұров.  

Мансұров музейге картинасын сыйлады

«Бүркітшіде» 1855 жылы Александр II патшаны ұлықтау рәсіміне арнайы шақырылған аңшы қазақ бейнеленген. Оның саятшылық әрекетін императордың өзі қызыға тамашалап тұр.

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы былтыр басталды. Шараның басты мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу мәселесіне қоғам назарын аударту. Акцияға коллекционерлер, танымал тұлғалардың жоқтаушылары, белгілі азаматтар өз үлестерін қосты. Астанадан бастау алған акция кейінірек Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жалғасын тапты.


Әзірлеген – Айбота Өтеулі

Суреттер Ұлттық музейден алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға