Жаңалықтар

Маңғыстаулықтар Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды

Маңғыстаулықтар Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі 29.12.2024 23:03 428

Бүгін, 29 желтоқсан күні, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, оларға облыстық ауруханада тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.

Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға