Жаңалықтар

Маңғыстаулық кәсіпкерлер зәйтүн ағашын өсіруді қолға алды

Маңғыстаулық кәсіпкерлер зәйтүн ағашын өсіруді қолға алды
Фото: © Pixabay.com 27.11.2023 15:52 869

Биыл 10 айдың ішінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі экономикалық көрсеткіштер оң динамика көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инвестициялық жобаларға келер болсақ, 27 триллион теңгеге 8 жоба іске асырылып, 3700 жұмыс орны ашылған. Агроөнеркәсіптік кешен саласында 10 айдың қорытындысы бойынша былтырғы есептік кезеңмен салыстырғанда өсім байқалады, - деді ол.

Нұрлан Асқарұлының айтуынша, биыл жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер зәйтүн ағашын егуді қолға алды.

Қазіргі таңда 2 мың түп отырғызылды, сондай-ақ Арыс қаласында және Жаркент қаласында тәжірибе жүргізілуде. Егер ол оң нәтиже беретін болса, кәсіпкерлер 10 мың га жерге зәйтүн егіп, оның майын алып кәсіп етеді, - деді әкім.

Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, келесі жылға 5 жоба жоспарланған, оның ішінде 4 жылыжай мен азық-түлік қоймаларын салу мәселесі де бар. Бұл жобалардың жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға