Жаңалықтар

Маңғыстаулық фермерлер малға кебекті төмен бағамен алады

Маңғыстаулық фермерлер малға кебекті төмен бағамен алады
Фото: 7kun.kz 22.02.2023 09:51 849

Маңғыстау облысының фермерлері маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемді арзандатылған бағамен алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы АШМ мәлімдеді.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астық өңдеушілер одағы, облыстық әкімдік, «Каспий» ӘКК-нің жем-шөп жөніндегі операторлар тобымен келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мәселе Маңғыстаудың жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтары үшін кебек туралы болып отыр, оны Солтүстік Қазақстан облысының астық өңдеушілері бір келісін 65 теңгеден жеткізеді, ал нарықтағы бағасы келісіне 100 теңгеден сатылып жатыр.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін "BioOperations", "СевЕсильЗерно" және "Новоальжан комбинаты" ЖШС көрсетті Бұл ретте астық өңдеушілердің өздері мал азығын тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Осылайша, өңірге жеткізуді ескере отырып, кебектің бағасы келісіне 75 теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, климаттың ерекшеліктеріне байланысты Маңғыстау өңірінде жыл сайын жемшөптің шамамен 10% жиналады, ал қалғаны басқа өңірлерден жеткізіледі. Қазіргі қысқы кезеңге қажеттілігі 78 мың тонна шөп пен 23,8 мың тонна жем болған кезде жоспардың 98,5% және 101,8% дайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға