Жаңалықтар

Маңғыстаудағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Ниетбай Оразбаев қайтыс болды

Маңғыстаудағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Ниетбай Оразбаев қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөзден 09.01.2024 19:18 1206

Белсендінің өліміне  себеп - ұзаққа созылған күйзелістен болған инфаркт. Ниетбай Оразбаев соңғы кездері Алматыдағы қызының үйінде тұрған, оған себеп - Өзбекстанның арнайы қызметі оны Ақтаудағы үйінен алып кетеді деп қауіптенген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстаудағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісін Қарақалпақстандағы көтерілістен соң Өзбекстан соты сырттай 12 жылға соттаған болатын.   Соңғы бір жарым жыл ішінде Өзбекстан жағы Оразбаевты Қазақстан азаматтығынан айырып, Өзбекстанға экстрадация жасауға қол жеткізген еді. 

“Өткен жылдың 1 желтоқсан күні Оразбаев Қазақстан азаматтығынан айырылғаны жөнінде хабарлама алды”, деген еді адам құқықтары жөніндегі Орта Азиялық “Мемориал” бағдарламасының директоры Виталий Пономарев. Азаматтығынан айырылғандығы туралы хабарлама Маңғыстау облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасынан келген. Ал Ақтаудағы өкілдік азаматтығы бойынша оның  елшілікке жүгінбегенін мәлімдеді. 

Ниетбай Оразбаев Қазақстанда 2004 жылдан бастап тұрады. Ақтаудағы “Аллаяр жолы” қарақалпақ этно-мәдени бірлестігін басқарған. Өзбекстан азаматтығынан 2017 жылы айырылғанымен,  2018, 2021 жылдары Өзбекстанға Қазақстан құжатымен еркін түрде барған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға