Жаңалықтар

Маңғыстаудағы МАЭК-те болған апаттан кейін үш облыста жарық мәселесі туындады

Маңғыстаудағы МАЭК-те болған апаттан кейін үш облыста жарық мәселесі туындады
Фото: © Pixabay.com 12.08.2023 11:53 1501

Маңғыстау облысында кеше ЖЭО-2-де екі турбоагрегат өшірілгені туралы дерек мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Автоматтандырудың жүйелі жұмысы желі мен инфрақұрылым объектілеріне ауыр зардап келтірмеуге ықпал етті. 1-санатты тұтынушылардың, өмірлік маңызды нысандардың, соның ішінде ауруханалардың жұмысына зиян келген жоқ, - деп жазылған KEGOC компаниясы таратқан ақпаратта. 

11 тамыз күні 16:30-да тағы да апат болған. Жүктеме 147 МВт-қа төмендеген соң, МАЭК ЖЭО-дағы 3-блок өшірілген. Бұл Атырау энергетикалық орталығында электр энергиясын тұтынуды 55 МВт-қа және Маңғыстау энерготорлығында 35 МВт-қа шектеуге әкелген. Соның салдарынан 220 кВ Орал-Атырау-Маңғыстау транзитіне қайта жүктеліп, сағат 16:35-те апаттық автоматтан 2540-ші желі сөндірілді.

Қазіргі уақытта Атырау және Маңғыстау энергетикалық орталықтары оқшауланған жұмысқа бөлінді, Қаламқас ГТЭС пен Орал ГТЭС-200 жұмысы да тоқтаған. Ал 16:58 кезінде Атырау және Маңғыстау энергия орталықтарының жұмысы қалпына келтірілген. 

Ұлттық электр желісі қалыпты жұмыс істеуін жалғастырып, істен шыққан қуаттарды ішінара ауыстырды. Сағат 19:15-те Атырау энергетика орталығындағы шектеу толық алынды. 12 тамыздағы сағат 01:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау энергетикалық торабында 108,5 МВт-қа жуық өнеркәсіптік тұтынушылар шектелген. МАЭК ЖЭО 3 блогында апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін Маңғыстау электр орталығының өнеркәсіптік тұтынушыларын күнделікті шектеу қажет. Бұл ретте тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың қажеттіліктері бірінші кезекте қамтамасыз етіледі, - делінген компания хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға