Маңғыстаудағы Бозжыраға баратын жолды салу кейінге қалдырылды
27.05.2023 09:41
Фото:
Akorda.kz
Маңғыстауда Бозжыра шатқалына дейін жол салынбайтыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жобаға бюджеттен әлі күнге қаржы бөлінбеген. Қарақия аудандық әкімдігінің мәліметі бойынша, биыл Бозжыраға дейін ұзындығы 35 шақырымдық жол салу жоспарланған. Тіпті, жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 14 миллион теңге қарастырылған болатын.
Жол құрылысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Өйткені бюджеттен аталған жол құрылысына қаражат бөлінбеген, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.
Жол салуға қатысты деректі Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

