El.kz

Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер күшейтілді

06.07.2025 23:41

Маңғыстау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс және жазғы каникул күндері полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті мен жергілікті полиция қызметі республикалық маңызы бар «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі» автожолында кешенді рейдтік іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шаралар жол апаты жиі тіркелетін қауіпті учаскелерде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Жол бойындағы патрульдік нарядтардың саны артып, бақылау күшейтілді. Бұған қоса жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау үшін дрондар мен бейтарап бақылау патрульдері қолданылуда, – деп жазылған облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол белгілеріне мұқият қарап, ережелерді қатаң сақтауға шақырады.