Маңғыстауда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты, - делінген мәліметте.
Облыс тұрғындары жер сілкінісі сезілгенін әлеуметтік желіде жарыса жазды.
«Жер сілкінісі дүмпуін сезіндім. Сегізінші қабатта тұрамыз. Еден дірілдеп, жарық шамдары қозғалды», - деп жазады Ақтау қаласы шағын аудандарының бірінің тұрғыны Аманкелді Байзрахман.
Бұл жер сілкінісінен кейін өңірде ешқандай залал туралы ақпарат тіркелмеген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

