Маңғыстауда желтоқсанда саңырауқұлақ өсіп жатыр
04.12.2023 11:43
Фото:
facebook.com/mzhetekbaev70
Маңғыстау облысында желтоқсанда шыққан саңырауқұлақ жергілікті тұрғындарды таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы маңғыстаулық әріптесіміз Мұрат Жетекбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Табиғат биылғы қыста қызық мінез көрсетуде. Аулада құмырсқалардың қыбырлап жүргеніне таңырқап отырып тағы бір қызыққа тап болдым. Желтоқсанда жерді жарып шыққан саңырауқұлақты бірінші рет көруім. Бұл ненің белгісі? – деп жазды ол.


Мамандар биылғы қыс ерекше жылы болатынын бұған дейін айтқан. Өткенде Түркістан облысында бақбақ гүлдеп жатқаны да көпшілікті таңғалдырып еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

