Жаңалықтар

Маңғыстауда жастарға арналған әлеуметтік жоба басталды

Маңғыстауда жастарға арналған әлеуметтік жоба басталды
Фото: e-forum.net 06.09.2023 17:25 935

Маңғыстауда «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жетекшілігімен «Жастар тағылымдамасы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Жуырда жоба аясында жас көшбасшыларға арналған байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жастар тағылымдамасы» әлеуметтік жобасының координаторы Гауһар Шамқұлованың айтуынша, байқаудың мақсаты - өңірдегі жастардың тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби құзыреттерін дамыту, жаңа жас көшбасшыларды анықтау.

Жастар тағылымдамасы 2.0» әлеуметтік жобасы аясында жас көшбасшылар байқауына Маңғыстау облысында тұратын 18 бен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы белсенді әрі көшбасшы жастар, атап айтқанда жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының басшылары, волонтерлік топтар мен ұйымдардың жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары, жас мамандар кеңесінің төрағалары, саяси партиялар жанындағы жастар қанатының жетекшілері, қайырымдылық топтар мен қорлардың басшылары, әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бастамашыл топтардың көшбасшылары қатыса алады, - деді Гауһар Шамқұлова.

Байқауға қатысу үшін үміткердің қоғамдық қызметте тәжірибесі, жүзеге асырған әлеуметтік немесе әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобалары мен жеке жетістіктері болуы шарт. Байқаудан өткен жастар Түркия мен Әзірбайжан Республикасына және Алматы қаласындағы ҮЕҰ-ына және әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарына тағылымдамаға барады. Қатысушылар 14 қыркүйекке дейін өтінім жолдай алады.

Аталған жоба былтыр да жүзеге асырылған. Жоба аясында облыс жастары Қырғызстан, Грузия елдерінде тағылымдамадан өтті. Солардың бірі «Жастар тағылымдамасы 2022» әлеуметтік жобасының қатысушысы - Нұрлан Қуанышбай. Ол өзінің Грузия мемлекетіне сапары туралы айтып өтті.

Біз ең алдымен Грузия жастарымен етене араласып, танысып, достық қарым-қатынас орнаттық. Сол жақтағы шетелдік мамандармен тәжірбие алмасып, біліктілікті арттыруға мүмкіндік болды. Өзге ел мәдениетін тереңнен зерделеу мүмкіндігі туды. Болашақта осы тәжірибені іс жүзінде игеріп, өңір дамуына зор үлес қосуға ниетті жастар қатары көп, - дейді Нұрлан Қуанышбай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға