Жаңалықтар

Маңғыстауда жалпы білім беретін мектебі жоқ 7 ауыл бар

Маңғыстауда жалпы білім беретін мектебі жоқ 7 ауыл бар
Фото: © Pixabay.com 14.08.2023 04:30 974

Бұл туралы Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстауда 188 мектеп 2023-2024 оқу жылын бастайды. Барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соның ішінде «Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20 мектепке жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификация кабинеттер сатып алу, асхана, кітапхана кабинеттердің жаңарту) жүргізіліп жатыр.

Бұл мақсатқа 340 млн теңге қаржы бөлінді. Жұмыс тамыз айының аяғына дейін аяқталады.

«Облыс бойынша жалпы білім беретін мектебі жоқ 7 елдімекен бар. Өткен жылы ондағы 31 бала жақын ауылдарда орналасқан мектеп-интернаттарда жатып, білім алды» делінген баспасөз мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға