Маңғыстауда заңсыз құрылыстарды бұзу жұмыстары басталды
Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында көпқабатты тұрғын үйлерге жапсарлас салынған және оның маңындағы заңсыз құрылыстарды бұзу және тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атап айтқанда, 1-шағын ауданда орналасқан бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің жапсарлас құрылыстары толығымен бұзылып, аумақ тазартылды. Бұл жұмыстар тек Құрық ауылымен шектелмей, «Қарақия станциясы» елді мекенінде де жалғасын табуда. Мұнда да ауыл ішіндегі рұқсатсыз салынған құрылыстар алынып, тиісті санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар жергілікті билік пен тиісті мекемелердің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асуда. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар елді мекеннің көріктендірілуі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

