Маңғыстауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
04.12.2022 14:55
1754
Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен 15 шағын аудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған заңсыз ойын бизнесі жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Мекенжай бойынша тінту жүргізу кезінде ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 ойын фишкасы, 16 қорап ойын картасы және марихуана пайдалануға арналған қолдан жасалған екі құрал тәркіленді.
Одан бөлек 374 мың теңге, 200 доллар және 50 еуро және құрамында марихуана бар байлам тәркіленді.
Сондай-ақ үй-жайда даяшы мен басқа да ойыншылар болған.
Аталған дерек ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілір жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға